Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жағдай АҚШ президенті Дональд Трамп пен Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) төрағасы Джером Пауэлл арасындағы қақтығыс аясында болып отыр.
Қаржы нарығындағы тұрақсыздықтың себептері
Трамп Пауэллден негізгі мөлшерлемені төмендетуді талап етіп отыр. Себебі қазіргі таңда ФРЖ мөлшерлемесі 4,5% деңгейінде тұр. Трамп үшін бұл көрсеткіш маңызды, өйткені ол сайлауалды уәделерін орындау үшін экономиканы ынталандыруды көздейді.
Алайда экономист Сергей Алексашенко The Insider-ге берген сұхбатында, мөлшерлемені төмендету Трамптың енгізген жоғары импорттық баж салығы жағдайында кері әсер беруі мүмкін екенін айтты:
Ипотекалық несиелердің мөлшерлемесі тікелей ФРЖ-мен байланысты. Қазір тұрғындар бұрынғы төмен мөлшерлемемен алған үйін сата алмай отыр, себебі жаңа үй несиесі қымбатқа түседі. Бұл — жұмыс күші мобильділігін азайтады, – дейді ол.
Трамп Пауэллге отставкаға кетуге қатаң ескерту жасаған. Алайда АҚШ Жоғарғы сотының 1935 жылғы шешеміне сәйкес, президент ФРЖ төрағасын ақша-несие саясаты бойынша келіспеушілік үшін қызметінен босата алмайды.
Соған қарамастан, Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Пауэллдің Чикагодағы Экономикалық клубтағы мәлімдемесіне жауап беріп, тарифтер елге байлық әкеліп жатқанын айтып, ФРЖ басшысын жұмыстан шығару мүмкіндігін меңзеді. Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассет бұл мәлімдеменің жүзеге асуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Нарыққа қауіп: инвестициялар мен инфляция
Алексашенко пікірінше, 145%-дық баж салығы салдарынан АҚШ нарығында Қытайдан келетін киім-кешек, тұрмыстық техника сияқты тауарлар жетіспей бастайды. Бұл жағдай инфляцияны үдетіп, ФРЖ-ны екіұдай шешімге тіреуі мүмкін.
Бұл – Пауэллдің жауапкершілігі мен Трамптың сайлау алдындағы популистік міндеттері арасындағы текетірес, – деп қорытындылады сарапшы.
Бұл жағдай алдағы уақытта АҚШ экономикасы мен жаһандық нарыққа айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сарапшылардың болжауынша, егер тарифтер сақталса, 2025 жылдың екінші тоқсанында АҚШ экономикасы бәсеңдей бастайды.