Доллар 407 теңгеден сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар 407 теңгеден сатылып жатыр

Доллар 407 теңгеден сатылып жатыр

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 404,7 теңгеге тең болды.

  • 15 Маусым 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сауда-саттық нәтижелері бойынша доллардың орташа бағамы — 404,7 теңге. Жұма күні таңертеңгі сессия 403,47 теңге болды. Осылайша, ұлттық валюта 1,23 теңгеге әлсіреді.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 406,7 — 407 теңгеге сатылса, сатып алу құны 405,5 — 405,7 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 407,2 — 408 теңгеге сатылса, сатып алу — 405,8 — 406,6 теңге аралығында.