Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Енді ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады. Дубайға ұшу, Шарм аш Шейхка жету машақатты болар. Үшінші дүние жүзілік соғыс басталмас, бірақ Вашингтон-Тегеран теке тіресі мұнай бағасын көтермек, бұл бізге жақсы, сондықтан ұтымды сәтті пайдаланып доллар сатып ала беру керек. Соғыстың әскери фазасы ұзаққа бармас, бірақ артты қырғи қабақ теке тірес -экономикалық санкцияларға айналады. АҚШ Иранның мұнай мен газына тосқауыл қоймақ. Шіркін бұл соғыста қызыл бастар мемлекеті ыдырап Әзірбайжан жерін кеңейтіп , Күрдістан мемлекеті пайда болар. Қазақстан бейтарап позициясында болғаны жөн. Өзім АҚШты қолдаймын.
Еске салсақ, 8 қаңтарда Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ нысандарына шабуыл жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде міндетті түрде жауап беретінін айтты.