Доллар бағамы қайтадан 540 теңгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар бағамы қайтадан 540 теңгеге жетті

Доллар бағамы қайтадан 540 теңгеге жетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа баға

  • 3 Қыркүйек
  • 9
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 540,18 теңге болып, 0,55 теңге өсті. Ұлттық банктің 3 қыркүйекке белгіленген ресми бағамы — 539,55 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 539,34 теңгеден сатып алынып, 541,12 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағасы — 626,05-630,47 теңге, рубль — 6,60-6,71 теңге аралығында.

Астанада доллар 537,97 теңгеден сатып алынып, 543 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 624-634 теңге, ал рубль 6,63-6,74 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Шымкентте доллар орта есеппен 538,77 теңгеден сатып алынып, 541,77 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 625,14-630,05 теңге, рубль 6,59-6,67 теңге көлемінде.

Перейти к новостям спорта