Доллар бағамы төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді

2026 жылғы 11 ақпанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды

  • 11 Ақпан
  • 2
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 490,58 теңгені құрап, 1,31 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 6,36 теңге болды.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 0,35 теңгеге арзандап, 71,05 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 490,7–493,2 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро 583,7–588,4 теңге, ал рубль 6,33–6,45 теңге аралығында саудалануда.

Сонымен қатар, 11 ақпанда әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнай 0,83 пайызға қымбаттап, барреліне 69,37 долларды құрады. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 0,88 пайызға өсіп, барреліне 64,52 долларға жетті.

Еске салсақ, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 491,88 теңге, еуроны – 585,83 теңге, рубльді – 6,36 теңге деңгейінде белгілеген болатын.