Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 11,13 теңгеге төмендеп, 446,89 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 8 сәуірдегі ресми бағамы — 458,87 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 448,56 теңге, сатылым — 452,85 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 448,51 теңгеден сатып алады, 452,70 теңгеден сатады.