Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 – 512 теңгеден саудаланып жатыр.

  • 7 Сәуiр
  • 2
Фото: freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің 7 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 507,2 теңге. Еуро 557 — 564 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 505 теңге. Еуро 555 теңгеден сатып алынып, 565 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,85 — 6,00 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,79 теңгеге қымбаттап, 504,34 теңге болған.