Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай - kaz.caravan.kz
  • $ 506.21
  • 568.42
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 521 теңгеден саудаланып жатыр.

  • 25 Сәуiр
  • 9
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің 25 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 517,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,23 теңге. Еуро — 588,48.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 586 — 591 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 515 теңге. Еуро 584 теңгеден сатып алынып, 591 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,09 — 6,30 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,22 теңгеге төмендеп, 517,16 теңге болған.