Доллар қарашадан бері алғаш рет 500 теңгеден төмен түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар қарашадан бері алғаш рет 500 теңгеден төмен түсті

Доллар қарашадан бері алғаш рет 500 теңгеден төмен түсті

Алайда Ұлттық экономика министрлігі бұны нығаю деп есептемейді.

  • 14 Ақпан
  • 14
Фото: inalmaty.kz

Ұлттық Банк белгілеген американдық валютаның ресми бағамы 497,88 тг құрайды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бүгінгі мәні — 2024 жылдың 22 қарашасынан бергі ең төменгі көрсеткіш, ал 500 теңгелік психологиялық межеден курс алғаш рет 28 қарашадан бері төмен түсіп отыр.

Ал рубль, керісінше, сыртқы саяси жағдайларға байланысты болуы керек, нығайып жатыр. Ертеңгі курс – 5,44 тг, бұл бүгінгіден 2,1%-ға жоғары. Ресей валютасының бұдан жоғары бағамы бізде соңғы рет қыркүйектің басында тіркелген еді.

Геосаяси фактор теңгенің нығаюына да әсер етті ме?

Ұлттық экономика министрлігі бұл сұраққа нақты жауап берген жоқ, бірақ қарашада РФ-ға қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін доллардың 530 тг дейін қымбаттауын эмоционалдық факторлардың әсері деп есептеді.

«Мен мұны нығаю деп айтпас едім. Біз 2024 жылды 1 доллар үшін 465 теңге деңгейінде бастадық. Кейін тіпті 440 теңгеге дейін нығаю болды. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жаз айларында Ұлттық қордан трансферттер жүргізілді. Бұл теңгенің нығаюына әсер еткен факторлардың бірі болды. Алайда, трансферттер тоқтаған кезде, теңге өзінің фундаменталды деңгейіне қайта оралды. Қазіргі таңда фундаменталды деңгей шамамен 500 теңге шамасында. Ал доллардың 530 теңгеге дейін көтерілуі фундаменталды емес, бұл негізінен санкциялардың енгізілуіне байланысты эмоциялық факторлар», – дейді Арман Касенов.

Ал теңге бағамының қазіргі өсуін ведомствода сол кездегі серпілістен кейінгі «іргелі» деңгейіне оралуы деп түсіндіреді.

Перейти к новостям спорта