Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
АСТАНА, 23 шілде-Sputnik. Қазақстанда американдық доллар бағамы қайтадан көтерілді. 23 шілде күні таңертең елордада 1 доллар үшін 540 теңге сұралды. Осы уақытта Қазақстан Ұлттық Банкі ресми бағамды 531,96 теңге деңгейінде белгіледі.
Өңірлерде доллар одан да жоғары көтерілген. Орал қаласында 542 теңгеге жеткен.
Астанада 17 шілдеде доллар 536-537 теңге шамасында болған.

Астана айырбас орындарындағы доллар бағамы 17 шілде
© Sputnik / Стрингер
Шілде айында теңге долларға қатысты төмендей бастады. Ұлттық банк мұны маусымдық сұраныспен түсіндірді. 3 шілдеде сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 519 теңгені құрады.