Ақша айырбастау орындарында доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пункттерінде сағат 14:20-дағы жағдай бойынша, долларды сату бағамы — 471,06 теңге, сатып алу — 465,65 теңге, еуро — 470,26 теңге, сатып алу — 462,27 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 468,90 теңге, сатып алу — 464,04 теңге, еуро — 468,67 теңге, сатып алу — 462,05 теңге.
Айта кетейік, 23 тамызда Алматыда доллар 470-475 теңгеге, еуро 461-470 теңгеге, Нұр-Сұлтанда доллар 463-471 теңгеге, еуро 461-470 теңгеге сатылған болатын.