Айналып келгенде, мемлекет мұның бәрін теңгені әлсіретудің есебінен жүргізуі мүмкін дейді білетіндер. Өйткені, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер жапатармағай долларды сатып алып жатыр екен. Осындай жағдай екі жыл бұрын да болған еді. Сол кезде теңге қатты құлдырап, қара халық сан соғып, банктер пайдаға кенелген болатын.
“Менің ойымша, биыл қараша айының басында немесе соңына қарай Ұлттық банк теңге бағамын арзандатады. Нақты бағасын да айта аламын: доллар құны шамамен 420-450 теңгенің айналасында болады. Біз, әрине, тек болжаймыз. Бірақ, болжамымыз осындай”, – деді TeleTrade Central Asia сарапшылар тобының жетекшісі Сергей Полыгалов.