Доллар тағы өсіп рекордтық көрсеткішке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар тағы өсіп рекордтық көрсеткішке жетті

Доллар тағы өсіп рекордтық көрсеткішке жетті

Доллар тағы да қымбаттады. Бүгін еліміздегі ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасының құны өсіп, тақталардағы көрсеткіш 316 теңгеге дейін көтерілді.

  • 12 Желтоқсан 2015
  • 260
Фото - Caravan.kz

KASE-тің күндізгі сессиясында 23 қатысушы 64 жарым миллион долларға сауда жасап, кезекті антирекорд орнатты. Қор биржасында 1 доллардың құны 315 теңге 99 тиынға дейін жеткен. Ал бірнеше сағаттан соң ақша айырбастау орындарындағы сандар өзгеріп, АҚШ валютасы 316 теңгеге сатылды. Осылайша соңғы үш күнде ұлттық валюта біртіндеп құнсызданып келеді. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл қара алтынның арзандауына тікелей байланысты екен. Шетел валютасының қымбаттауына орай Қостанайдағы ақша айырбастау орындарында тіпті доллар тапшылығы байқалып жатыр. Көп жерлерде «сату» деген баған бос тұр. 

Соңғы жаңалықтар