Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың санкциясы әлемнің көптеген еліне әсерін тигізіп жатыр. 185 елдің тауарларына 10%-дан 50%-ға дейін баж салығын өсіріп жатыр. Оның ішінде Қазақстанның тауарларына баж салығын 27%-ға өсірмек. Мұны өте күрделі экономикалық жағдай деп айтуға болады. Өйткені АҚШ-тың жасап жатқан әрбір іс-әрекеті сауда серіктестігі бар елдерге, дамушы елдерге өзінің экономикалық жағдайын өзгертуге мәжбүрлейтін фактор, — деп айтты экономист.
Сарапшының айтуынша, АҚШ-тың баж салығын өсіруінің теңгеге әсері болады деп есептеймін. АҚШ-тың санкциялары көбіне Ресей экономикасына қатысты болып келді. Ал Ресейдің ұлттық валютасы – рубльдің құлдырауына әкеліп отыр. Ал енді Қазақстан мен Ресей тығыз экономикалық байланыста екенін ескерсек, рубльдің әлсіреуі теңге бағамына әсерін тигізеді.
Қарапайым тілмен айтатын болсақ, теңге мен рубль – бір-бірімен байланысты валюта. Рубльдің төмендеуі теңгенің де құнсыздануына әкеледі. Сонымен қатар әлемдік мұнай бағасына, яғни АҚШ-тың санкциялық саясаты мұнай өндіруші елдерге, соның ішінде Қазақстанға да әсер етеді. Жалпы бұл мұнай бағасының әлемдік нарықтағы бағасының өзгеруіне әсерін тигізеді. Мұнай бағасы Қазақстанның экономикасына тікелей әсерін тигізеді. Өйткені мұнай Қазақстан экспортындағы маңызды тауар, — дейді Ысқақ.
Экономистің айтуына қарағанда, мұнай бағасының төмендеуі теңге бағамының әлсіреуіне әкеледі.
АҚШ санкциялары салынған елдерге қатысты экономикалық ықпалдың нашарлауының өзі инвестициялық ағындардың Қазақстаннан шығуына да әкелуі мүмкін. Яғни инвесторлар қауіп-қатерден қорқып, өз капиталының шығуына жол беріп қоюы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде теңге бағамының құлдырауына әсер етеді. Жалпы қаржы нарығындағы тұрақсыздық, инвестициялық ағындардың төмендеуі Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізеді. Бұл еліміздегі шетелдік инвесторларға да жағымсыз фактор. Яғни инвестициялардың азаюы, экономикалық өсімнің төмендеуіне, жұмыс орындарының қысқаруына, инфляцияның туындауына алып келеді, — деп қоса кетті Бауыржан Ысқақ.
Оның сөзінше, экспорттық тауарлардың азаюы, мұнайға, металдарға сұраныстың төмендеуі айналып келгенде теңгенің бағамына әсер етеді. Сол себепті бірінші кезекте әртүрлі сыртқы геосаяси өзгерістерге дайын болатындай экономикалық реформа пакетін дайындап қоюымыз керек. Оны жүзеге асыруды осы бастан қолға алуымыз қажет. Егер осындай сыртқы өзгерістерге дайындықсыз, осы қалыппен жүре берсек, оның арты үлкен экономикалық қиындыққа әкелуі мүмкін.