Доллар үшінші күн қатарынан арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар үшінші күн қатарынан арзандады

Доллар үшінші күн қатарынан арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады

  • 8 Қазан
  • 8
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,39 теңгеге арзандап, 540,06 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 541,63 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,29 теңгеден сатып алынады, 543,50 теңгеден сатылады. Еуро 627,67 – 632,92 теңге, ал рубль 6,51 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,52 теңгеден сатып алынады, 78,23 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 538,72 теңгеден сатып алынады, 544,72 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 625,74 теңге, сату — 633,74 теңге;
  • рубль: сатып алу — 6,54 теңге, сату — 6,70 теңге.
  • юань: сатып алу — 75,85 теңге, сату — 79,75 теңге.
Перейти к новостям спорта