Доллардан басқа ғаламдық валютаға өту – бұлтартпас қажеттілік - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллардан басқа ғаламдық валютаға өту – бұлтартпас қажеттілік

Доллардан басқа ғаламдық валютаға өту – бұлтартпас қажеттілік

Доллардан басқа ғаламдық валютаға өту – бұлтартпас өмір қажеттілігі, деп есептейді Дүниежүзілік банк (ДБ) директорыНгози Оконжа-Ивеала.

  • 2 Маусым 2011
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Доллардан басқа ғаламдық валютаға өту – қажеттілік. Долларға тәуелділіктен басқа, салмақтырақ валютаға өту, ол — болашаққа қадам басу деген сөз. Біз көпполярлы әлемде өмір сүрудеміз, мысалы, БРИКС елдері (тез дамып келе жатқан бес мемлекеттен тұратын топ: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африкалық республика – ҚазТАГ) (ықпалы бар – ҚазТАГ), әр мемлекет әлем экономикасының дамуына өз үлесін қосуда.

Қазір Қытай мен Үндістан өркендеп келеді. Олардың экономикасы жүздеген есе көтерілді. Олар әлемдік саудада және қаржылық операциялар жасауда орасан зор салмағы бар», — деді ДБ директоры Нгози Оконжа-Ивеала сәрсенбі күні NazarbayevUniversity студенттерімен кездесу барысында.

Оның мәліметтерінше, аталған факті әлемді «басымдықтағы» валютаға өтуге мәжбүрлейді.

«… Ол әділдік болады. Біз валютаның мәнін қазір пайымдап, содан соң біздің экономикаларымызға жұмыс істейтін валютаға өтуіміз керек», — деп толықтырды басқарушы директор.

Сондай-ақ ол ҚР президенті Н. Назарбаев жаңа ғаалмдық валютаға өтуде «дұрыс бағыт алып отыр» деп атап өтті. «Басқа валютаға өту –сіздің елдегі дағдарыстан құтылудың жолы деп қарастыруға болады», — деді ол.

Еске салсақ, Н. Назарбаев әлем экономикасының жаңа резервтік валютаға өту проблемасын, 3-ші мамыр күні IV-ші Астана әкономикалық форумында сөйлеген сөзінде тағы көтерді.

«Қаржы секторының осал жері әлемдік қаржылық жүйенің және оның құрамдас бөлігі — әлемдік резервтік валютаның ақаулығында. Дәл осы қолданыстағы валюталық-қаржылық жүйе заңдылық пен демкоратиялық принциптеріне жауап бермейді…», — деген болатын мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар