Доллардың құлдырауына байланысты үйдің бағасы арзандай ма?: Маман пікірі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллардың құлдырауына байланысты үйдің бағасы арзандай ма?: Маман пікірі

Доллардың құлдырауына байланысты үйдің бағасы арзандай ма?: Маман пікірі

Елімізде жыл сайын үй бағасы қымбаттап жатқаны ақиқат. Осы орайда көпшілік арасында доллардың құлдырап, теңгенің тұрақталуына байланысты үйдің бағасы арзандайды деген қауесет тарауда.

  • 15 Наурыз 2023
  • 77
Фото - Caravan.kz


Caravan.kz тілшісі осы орайда мүлік агенттіктері өкілдерімен тілдесіп көрді.

Елордадағы риэлторлық қызмет агенттіктерінің бірінің өкілі Анар Шайхислямова биылғы жылы былтырғы жылдың басымен салыстырғанда үй бағасы өңірлерде, сондай-ақ Астанада да едәуір арзандағанын айтады.

«Бұл әсіресе қайталама нарықтағы үйлерге байланысты болып отыр. Себебі ескі үйлерге деген қазір сұраныс аз, тұрғындар алған соң және ипотека ресімдейтіндіктен, бірден жаңасын алғысы келеді. Әркімнің өз шамасына қарай, қысқаша айтқанда. Жалпы қайталама нарықтағы үйлерді ипотека алу қолжетімді болып отыр», — дейді маман.

Сонымен бірге агенттік өкілі жаңа үйлерге деген сұраныс артуының салдарынан, олардың бағасы тағы да өсуі мүмкін екенін атап өтті.

«Былтырғы жылы доллардың курсы 520 теңгеге дейін жетті, бұл жерде әр құрылыс компаниясының салып жатқан нысанына байланысты болып тұр. Егер құрылыс компаниясы осындай өзгерістерді ескеріп, дер кезінде қажетті шараларды қолға алса, бәлкім бағаның шарықтауына жол бермеуге болатын ба еді? Қазір Украина арқылы тауар жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан, логистика отандық құрылыс компаниялары үшін қымбатқа түсіп тұр. Ал отандық материалдардан салынған үйлердің бағасында әрине айтарлықтай өзгеріс болмайды, яғни олардың бағалары тұрақты болады. Сол сияқты қазір үй салу үшін жер алу және рұқсат алу процесі қиындап кетті. Сонымен бірге Астанада жаңа ЖЭО құрылысының аяқталуы күтіліп отыр. Егер ол пайдалануға берілсе, мүмкін қалада үй салу мәселесі бұрынғыдан да қарқын алатын ба еді. Мұның бәрі әрине бағаның өсуіне әкелетіні анық. Жалпы үйдің бағасы қай заманда болсын қымбаттамаса, арзандамайтын сияқты», — дейді ол.

Перейти к новостям спорта