Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,03 теңгеге төмендеп, 476,89 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 29 қыркүйектегі ресми бағамы — 479,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 475,88 теңгеге, сату 480,04 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 474,79 теңгеден сатып алады, 478,88 теңгеден сатады.