Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Дінге қатты беріліп, әншілікті тастап кеткен әншілер бар. 5-6 жылдан кейін олар 100% қайтып келеді. Менің ойымша қатты кетпеу керек. Тіпті продюсерім Ерік Тастембеков «харам» деп менің тойыма келген жоқ. Азанның өзі музыкамен шығатын болса Алла қалай оған тыйым салады? Меніңше ағын кішкене басқаша болып кеткен секілді. Қазір кім көрінген уағыз айтады, кім көрінген домбыраны харам дейді. Бірінші кезекте біз қазақпыз, мен солай деп ойлаймын. Құдай музыканы жаратты ма, онда музыка болу керек. Тыйым салу дұрыс емес деп ойлаймын. Кез келген нәрседе қатты кетпеу керек, кез келген нәрседе баланс болу керек. Домбыраны харам дегендерді заң бойынша жазалау керек. Бұл қазақты харам деумен тең», — деді әнші.