"Домбыраны ұстасам қорқыныш бар": Күйеуінен айырылған Наркенже Серікбаева қазіргі жағдайы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Домбыраны ұстасам қорқыныш бар": Күйеуінен айырылған Наркенже Серікбаева қазіргі жағдайы туралы  айтты

"Домбыраны ұстасам қорқыныш бар": Күйеуінен айырылған Наркенже Серікбаева қазіргі жағдайы туралы айтты

Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. 

  • 9 Қаңтар
  • 3910
Фото - Caravan.kz

Әнші күйеуі туралы естеліктермен "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ол кісі қандай екенін мен сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өте жақсы адам еді. Ол маған барлық нәрсені ұғындырып кетті. Ол кісіге еркелейтінмін,  ол кісіге ренжитінмін. Мен ол кісіге тұрмысқа шықпай тұрғанда қайсар едім. Бойымнан ер азаматқа тән дүниелер байқалатын. Бірақ, ол кісі маған әйел деген нәрсені ұғындырып кетті. Біз  бірге 4 жыл, 7 ай өмір сүрдік. Мені боқтап, қол көтерген емес. Бауырларыма да ауыр сөйлемеген. Менің анам да ол кісіні жақсы көрді. Жолдасың жаман болса да уайымдайсың ғой. Бірақ, жүрегім таныш, түсіме де кірмейді. Ол жақтағы өмірі де жақсы шығар деп ойлаймын. Жақсы болу үшін мен осы дүниеде барлық нәрсені істеп жатырмын", — дейді ол. 

Әнші жолдасының қазасынан кейін бойында домбыраға деген қорқыныш пайда болғанын да жасырмады. 

"Кеше Жасұлан досым айтып еді домбыраңмен қалдың ғой деп. Домбыраны ұстасам кішкене қорқыныш бар. Көп нәрсені есіме түсіреді. Жәймен-жәймен қалатын шығар. Бірақ, жақсы адамның көп нәрсесі естелік болып қала береді екен. Ол кісі мені жақсы жаққа өзгертті. Нағыз әйел бақытын сыйлай білді. Сабырлыққа үйретіп кетті. Қазір мен ашуланбауға тырысамын", — дейді әнші. 

 

Соңғы жаңалықтар