Доминикан Республикасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доминикан Республикасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Доминикан Республикасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

7 маусымда Қазақстанның Делидегі Елшілігінде Қазақстан Республикасы мен Доминикан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды,

  • 9 Маусым 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Меморандумға қол қою рәсіміне қазақстандық тараптан Қазақстан елшісі Дулат Қуанышев мырза мен Доминикан елшісі Ханс Данненберг қатысты.

Доминикан Республикасы — Гаити аралының (Кариб теңізінде) шығыс бөлігіндегі кіші аралдарда орналасқан шағын ел. Мемлекет Үлкен Антил аралдары архипелагына кіреді. Елдің негізгі қаржы кірістерін туризм, сондай-ақ қант, кофе және темекі өнімдерінің экспорты береді.

Доминикан Туризм министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын бірнеше жүз қазақстандықтар осы елге сапарлап қайтады.