Дон кен байыту комбинатындағы дәлелденген хром кенінің қоры 100 жылға жетеді - Дон кен байыту комбинатының вице-президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дон кен байыту комбинатындағы дәлелденген хром кенінің қоры 100 жылға жетеді - Дон кен байыту комбинатының вице-президенті

Дон кен байыту комбинатындағы дәлелденген хром кенінің қоры 100 жылға жетеді - Дон кен байыту комбинатының вице-президенті

Дон кен байыту комбинатындағы дәлелденген хром кенінің қоры 100 жылға жетеді. Бұл туралы Ақтөбе облысындағы хром кенін өнеркәсіптік өндіру және өңдеу нысандарын аралау барысында KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Дон кен байыту комбинатының тау-кендік жұмыстар жөніндегі вице-президенті Виктор Тиль хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 3405
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметіне жүгінсек, «қазіргі таңда Дон кен байыту комбинатындағы дәлелденген хром кенінің қоры 300 млн. тоннаға жетеді. Ал қордың болжамдық мөлшері шамамен 800 млн. тонна «.

Дон кен байыту комбинатын дамыту үшін жыл сайын 20 млн. доллар көлемінде инвестиция қажет деді В.Тиль.
Дон кен байыту комбинатында хром кенін өндіру жұмыстары 1938-жылы қолға алынған. Қазіргі таңда комбинатта 22 кіші және ірі карьерлер игерілді. Дон кен байыту комбинаты жүйесінде «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Молодежная» деген екі шахтада хром өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар