Бұл туралы ҚР президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Руслан Желдібайдың айтуынша, президент Дональд Трамптан Мемлекет басшысының атына ресми шақыру келіп түсті. Бұған дейін бірқатар елдің басшылары мұндай шақыру алғанын мәлімдеген еді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзі көшбасшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Әлем кеңесі құрамына кіруге, ал еліміз аталған ұйымның құрылтайшыларының бірі болуға ресми шақыру алды. Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне хат жолдап, шынайы ризашылығын білдірді және жаңа бірлестіктің құрамына енуге келісетінін жеткізд», – деп хабарлады президенттің көмекшісі.
Сонымен қатар, Руслан Желдібайдың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты бекітуге үлес қосуға ниетті екенін растады.