Бұл туралы Caravan.kz медиа поралы Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Куба үкіметінің саясаты, тәжірибесі мен әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына «ерекше әрі төтенше қауіп» төндіріп отыр.
Ақ үйдің дерегінше, Куба билігі Құрама Штаттарға қарсы бағытталған елдерді ашық түрде қабылдап, өз аумағында АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін әскери және барлау инфрақұрылымдарын орналастырған. Сонымен қатар Вашингтон Кубаның коммунистік режимін лаңкестікті қолдады, көші-қон мен зорлық-зомбылық арқылы аймақтағы тұрақтылықты бұзды деп айыптады. Мәлімдемеде Гавана билігінің саяси қарсыластарын қудалап, азаптауы, сөз және баспасөз бостандығын шектеуі, сондай-ақ адам құқықтарын өрескел бұзуы да атап өтілген.
Осыған байланысты Дональд Трамп Кубаға тікелей немесе жанама түрде мұнай жеткізетін, сондай-ақ шетелде өндірілген тауарларды импорттайтын елдерге тариф енгізуді «қажет әрі орынды шара» деп бағалады.