Дональд Трамп митингте оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйледі - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дональд Трамп митингте оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйледі

Дональд Трамп митингте оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйледі

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзіне қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет ашық митинг өткізді. Саясаткердің оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйлегенін C-SPAN жариялаған кадрлардан көруге болады.

  • 22 Тамыз
  • 5
Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Митинг Солтүстік Каролина штатының Эшборо қаласында өтті. Республикалық кандидатты төрт әйнектен тұратын оқ өтпейтін панельдер қорғап тұрды: біреуі алдыңғы жағында және үшеуі артқы жағында. Бұған дейін америкалық БАҚ экс-президенттің басында болған оқиғадан кейін АҚШ құпия қызметі қауіпсіздік шараларын қабылдайтынын хабарлаған болатын.

Митинг басталғаннан кейін көп ұзамай, жедел жәрдем көмегіне шақырған дауыс естіліп, Трамп сөзін тоқтатты. Саясаткер қоршаудан шығып, Құпия қызмет қызметкерлерінің қоршауында жағдайы қалыпқа келген әйелге тақап, оны құшақтады. Осыдан кейін ол сахнаға қайта оралып, сөзін жалғастырды.

13 шілдеде Батлерде (Пенсильвания) өткен ашық аспан астындағы митингісінде Трампқа қарсы оқ атылып, ол құлағынан жарақат алды. Митингтің қауіпсіздік аймағының периметрінен тыс ғимараттың төбесінен AR-15 типті винтовкадан 20 жастағы Томас Мэттью Брукс оқ жаудырған. Мерген шамамен 120 метр қашықтықтан бірнеше рет оқ атып үлгерді, содан кейін оны құпия қызметтің қарсы снайпер командасының мүшесі өлтірді.