Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Біздің сүйкімді сәбиіміз Александр Трамп Булос, өмірге қош келдің! Біз сені сөзбен айтып жеткізе алмайтындай жақсы көреміз! Өмірімізге келгеніңе рахмет!», — деп жазды Тиффани әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дүниеге келген сәби Тиффани мен Майкл Булостың тұңғыш баласы. Ерлі-зайыптылар 2022 жылдың қарашасында Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында үйленген болатын.
Дональд Трамп алдын ала 24 қазанда Тиффанидің жүкті екенін көпшілік алдында жария еткен еді.
Ол сәбилі болады. Бұл – тамаша жаңалық, – деген ол.
Тиффанидің анасы, Трамптың бұрынғы жұбайы Марла Мейплс те немере жиенінің дүниеге келгенін айтып, қуанышымен бөлісті.
Әлемде одан үлкен бақыт жоқ. Майкл мен Тиффани, үлкен әже Мар Мар сіздерді өте жақсы көреді!! Сен кереметсің, қызым!, — деп жазды Мейплс.
Бұл Трамптың 11-ші немересі. Дональд Трамптың басқа немерелері (Кіші Дональд, Иванка және Эрик есімді балаларынан):
Кіші Дональд Трамп пен бұрынғы әйелі Ванессада бес бала бар: Кай Мэдисон — 18 жаста, Дональд Джон Трамп III — 16 жаста, Тристан — 13 жаста, Спенсер — 12 жаста және Хлоя — 10 жаста.
Иванка Трамп пен күйеуі Джаред Кушнердің үш баласы бар: Арабелла — 13 жаста, Джозеф — 11 жаста және Теодор — 9 жаста.
Эрик Трамп пен әйелі Лараның екі баласы бар: Эрик «Люк» — 7 жаста және Каролина — 5 жаста.