Дональд Трамп Виргин аралдарында өткен сайлаушылар жиынында үшінші рет жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дональд Трамп Виргин аралдарында өткен сайлаушылар жиынында үшінші рет жеңіске жетті

Дональд Трамп Виргин аралдарында өткен сайлаушылар жиынында үшінші рет жеңіске жетті

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Виргин аралдарында өткен республикалық сайлаушылардың кездесуінде қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. 

  • 9 Ақпан
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Сайлау қорытындысы бойынша бұрынғы президент 74 пайыз дауыс жинаған. АҚШ-тың БҰҰ жанындағы бұрынғы елшісі Никки Хейли Трамптан тағы жеңіліп, АҚШ Виргин аралдарында республикашыл сайлаушылардың 26 пайызының қолдауына ие болды.

«Барлығыңызға алғыс айтқым келеді. Біз керемет жеңіске жеттік. Жеңіс күткен едік, бұлай күшті болады деп ойламадық. Сіздер мен ешқашан ұмытпайтын керемет адамдарсыздар», — деді Д.Трамп.

Бұрынғы президент Невададағы ішкі партиялық сайлауда да жеңеді деген болжам бар, оның бәсекелестері іс жүзінде жоқ.

АҚШ-тағы сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген. Дональд Трамп бұған дейін Айова мен Нью-Гэмпширде бірінші кезектегі дауыстарды жеңіп алса, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Невада штатында партиялық дауыс беруде жеңіске жетті.