деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлердің айтуынша, түнгі сағат 2-лерде нысанға бір топ жігіт басып кіріп, күзетшілерге қарай тас лақтырған, қару-жарақтан оқ жаудырған.
Оқиға салдарынан бірнеше күзетші бытыра жарақаттарын алған. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 257- бабы бойынша (Топтасып бұзақылық жасау) қылмыстық іс қозғалды, бұл қылмысқа қатысы барларды анықтау жөніндегі тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.