Естеріңізге сала кетейін, Австрияның құқық қорғау органдары 8-ші ақпан күні Қазақстан құрамасы орналасқан қонақ үйде іздеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген медициналық дәрі-дәрмек пен тиым салынған дәрумендер тапқан болатын. Қазіргі күні табылған дәрі-дәрмектер Австрия ұлттық допингке қарсы ұйымына (NADA) берілді.