Допты хоккей: «Ақжайық» өз айдынында «Знамядан» жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: «Ақжайық» өз айдынында «Знамядан» жеңіліп қалды

Допты хоккей: «Ақжайық» өз айдынында «Знамядан» жеңіліп қалды

19 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен екінші кездесуін өткізді.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz


Аса тартысты өткен матч 4:5 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Бұл ойында «Знамя» ойыншылары өткен матчтағыдай бірден 3:0 есебімен алға шықты. Айдын иелері есепті қанша қысқартқанымен, тең ойынға да шамасы келмеді. «Ақжайық» сапынан Петр Грибанов екі мәрте қақпаны дәл көздесе, Арыстан Қазыбаев, Еламан Әліпқалиев бір-бірден доп соқты.