Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» көш бастаушы команданы 3:1 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» көш бастаушы команданы 3:1 есебімен ұтты

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» көш бастаушы команданы 3:1 есебімен ұтты

23 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 294
Фото - Caravan.kz

Оралдың «Ақжайығы» «Жастық» стадионында Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді.

Басқа командалардан оқ бойы озық келе жатқан командамен ойынын «Ақжайық» бұл жолы сәтті өткізді. 20-минутта Александр Шавалдин қонақтардың қақпасын дәл көздесе, 44-минутта Дмитрий Пономаренко есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда орынборлықтардан Денис Нохрин 77-минутта есепті қысқартқанымен, 85-минутта тағы да А.Шавалдин ойын нүктесін қойды. Сөйтіп «Ақжайық» өз тобындағы күшті командалармен де тайталаса алатынын көрсетті.

Бұл турдан кейін 14 ұпай жинаған оралдықтар келесі ойындарын 8-9 қаңтарда өз айдынында турнир кестесінде екінші орында келе жатқан Саратовтың «Универсалымен» өткізеді.