Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «СКА-Свердловск» командасына тағы да есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «СКА-Свердловск» командасына тағы да есе жіберді

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «СКА-Свердловск» командасына тағы да есе жіберді

Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында бүгін Оралдың «Ақжайығы» Екатеринбургте «СКА-Свердловск» командасымен екінші кездесуін өткізді.

  • 29 Желтоқсан 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұл ойын да айдын иелерінің жеңісімен (2:6) аяқталды. «Ақжайық» сапында Александр Шавалдин мен Самат Аманшин гол соқты. 1974 жылғы А.Шавалдин — қорғаушы болса да, оралдық команда сапында соққан добын 100-ден асырған тәжірибелі ойыншы. Биылғы маусымда да ол тоғыз мәрте мергендік танытып, бұл жөнінен команда капитаны Ескендір Нұғмановтан (оның еншісінде 20 доп) ғана қалып келеді.


Қазіргі таңда 27 ұпаймен өз тобында екінші орынға түсіп қалған «Ақжайық» қалған ойындарын жаңа жылда өткізеді. 8-9 қаңтарда оралдықтар өз айдынында Саратовтың «Универсалын» қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера