Допты хоккей шебері Рауан ресейлік «Старттың» үздік шабуылшысына айналып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей шебері Рауан ресейлік «Старттың» үздік шабуылшысына айналып келеді

Допты хоккей шебері Рауан ресейлік «Старттың» үздік шабуылшысына айналып келеді

Орал қаласының түлегі Рауан Исалиев допты хоккейден Ресей чемпионатының суперлигасында ойнайтын Нижний Новгородтың «Стартының» үздік шабуылшысына айналып келеді.

  • 6 Қаңтар 2012
  • 471
Фото - Caravan.kz

Рауан биылғы біріншілікте қазірдің өзінде қарсыластар қақпасына 15 гол соғып, әріптестеріне 6 рет дәл пас беріп үлгерді. Бұл жөнінен Р.Исалиевтің командаласы, Ақ Жайық допты хоккейінің тағы бір түлегі Леонид Бедарев (6 гол, 8 пас) екінші орында келеді.

Биыл жиырма төрт жасқа толатын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Рауан Исалиев, әсіресе, соңғы матчтарда нәтижелі ойын өрнегін көрсетуде. Мәселен, 2011 жылдың 23 желтоқсанында Мурманскідегі жергілікті «Мурманмен» (ойын нәтижесі — 3:3) өткен матчта Рауан екі доп соқса, 26 желтоқсанда Архангельскіде «Водникке» «Старт» 4:6 есебімен есе жібергенімен, қазақстандық хоккейші хет-триктің иесі атанды. Ал 5 қаңтар күні «Старт» өз айдынында Ульяновскінің «Волгасын» қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Рауан қарсыластар қақпасына тағы екі гол енгізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера