Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы алғашқы кездесулерін өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы алғашқы кездесулерін өткізді

Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы алғашқы кездесулерін өткізді

Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 11-12 желтоқсанда өз айдынында Саратовтың «Универсалымен» күш сынасты.

  • 13 Желтоқсан 2010
  • 448
Фото - Caravan.kz

Өкінішке қарай, маусымның беташар ойынында күн жылынып, мұздың ойылып кетуіне байланысты хоккейшілер шеберліктерін көрсете алмады. Мұнда Михаил Разумовский соққан жалғыз доп қонақтарға жеңіс әперді. Есесіне екінші күнгі матчта айдын иелері өз деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдей біліп, 7:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында «Ақжайықтан» Петр Грибанов пен Алексей Сердюк екі доптан соғып, көзге түсті.

«Ақжайық» келесі кездесулерін 18-19 желтоқсанда Димитровградта жергілікті «Черемшанмен» өткізеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера