Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз тобында әзірше үшінші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз тобында әзірше үшінші орында келеді

Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз тобында әзірше үшінші орында келеді

Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» кезекті кездесулерін 18-19 желтоқсанда Ульяновскіде жергілікті «Волга-2» командасымен өткізді.

  • 21 Желтоқсан 2010
  • 476
Фото - Caravan.kz

Алғашқы матч 2:2 есебімен тең аяқталса, екінші ойында оралдықтар 6:0 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» 21-22 желтоқсанда осы топта 12 ұпаймен көш бастап келе жатқан Димитровградтың «Черемшанымен» сырт айдында күш сынасады. Саратовтың «Универсалы» 9 ұпаймен екінші орынға шықса, оралдықтар 7 ұпаймен әзірге үшінші сатыда келеді.