Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» Саратовтың «Универсалынан» ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» Саратовтың «Универсалынан» ұтылып қалды

Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» Саратовтың «Универсалынан» ұтылып қалды

Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобының «Б» тобында сынға түсетін Оралдың «Ақжайығы» 12-13 қаңтарда кезекті ойындарын Саратовта «Универсалымен» өткізді.

  • 14 Қаңтар 2011
  • 386
Фото - Caravan.kz


Алғашқы күні оралдықтар 2:4 есебінен ұтылса, екінші матчта да қарымта қайтара алмай, 3:6 есебімен жеңіліс тапты. Бұл турдан кейін «Универсал» 24 ұпаймен қара үзіп кетті. Димитровградтың «Черемшаны» 15 ұпаймен екінші, қоржынында 10-ақ ұпайы бар «Ақжайық» бұрынғысынша үшінші орында келеді.

Биыл негізгі ойыншылары қысқы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын «Ақжайық» командасы келесі ойындарын өз айдынында өткізеді. 15-16 қаңтарда «Черемшанды» қабылдаса, 19-20 қаңтарда Ульяновскінің «Волга-2» командасымен күш сынасады. Бұл ойындардан «Ақжайықтың» өз ұпай қорын көбейтуіне толық мүмкіндігі бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера