Допты хоккейден Қазақстан құрамасына «Ақжайықтан» үш ойыншы шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден Қазақстан құрамасына «Ақжайықтан» үш ойыншы шақырылды

Допты хоккейден Қазақстан құрамасына «Ақжайықтан» үш ойыншы шақырылды

Допты хоккейден Қазақстан құрамасына Оралдың «Ақжайық» командасынан үш бірдей ойыншы шақырылып отыр.

  • 17 Қаңтар 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Қазақстан құрамасының команда бастығы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Маңғубаевтың айтуынша, «Ақжайық» капитаны, тәжірибелі хоккейші Владислав Новожилов пен 1990 жылғы жас ойыншы Ескендір Нұғманов ел намысын бұрыннан қорғап жүрсе, 1989 жылғы Петр Грибанов бірінші рет осындай мүмкіндікке ие болды. Ел құрамасының бас бапкері міндетін атқару Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алексей Никишовқа жүктелді. Осыған дейін бас бапкер ретінде құраманы өрге сүйреген, жасы 63-ке толған Александр Ионкин аға жаттықтырушы болып қалмақ.

Қазақстан құрамасы 23-30 қаңтар аралығында Қазан қаласында өтетін әлем біріншілігінде өнер көрсетеді. Алғашқы ойынды басты қарсыластарының бірі Норвегиямен өткізсе, содан кейін АҚШ, Швеция, Ресей, Финляндия командаларымен күш сынасады. Биыл да басты мақсат — жүлделі үштіктің қатарынан көріну немесе төртінші орыннан төмендемеу. Он жыл бойы Қазақстан намысын қорғап жүрген сақа ойыншылар үшін бұл чемпионат соңғы болмақ. Одан кейін құрама түгелге жуық жаңартылады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера