Финалда Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан құрамалары кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл ойында оралдықтар қарсыластарын бет қаратпай ұтып, 10:0 есебімен жеңіске жетті. Сақа ойыншы Сергей Уланов пен Дмитрий Пономаренко қарсыластар қақпасына үш доптан енгізсе, Болат Мұхит, Николай Болдырев, Андрей Малышев, Дмитрий Кармак бір-бірден гол соқты.
Үшінші орын үшін бәсекеде ақтөбеліктер солтүстікқазақстандықтарды 2:1 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды.
Жалпы, турнирге Алматы қаласы мен еліміз облыстарынан тоғыз команда қатысты.
Бұдан бұрын 2005 жылы Қарағандыда, 2009 жылы Оралда өткізілген қысқы спартакиада ойындарында да БҚО құрамасы жеңімпаз атанған болатын.