Дорис кен орнындағы ұңғымадан мұнайдың өнеркәсіптік ағыны алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дорис кен орнындағы ұңғымадан мұнайдың өнеркәсіптік ағыны алынды

Дорис кен орнындағы ұңғымадан мұнайдың өнеркәсіптік ағыны алынды

Дорис кен орнындағы AKД05 бағалаушы ұңғымасынан тәулігіне 520 баррель көлемінде мұнайдың өнеркәсіптік ағыны алынды, делінген Tethys Petroleum компаниясының ақпаратында.

  • 12 Шiлде 2011
  • 414
Фото - Caravan.kz

«Ағынның ұзақ кезеңдері мен көпсатылы сынаудан кейін AKД05 ұңғымасы қазір жоғары юралық карбонат аймағынан тәулігіне 520 баррельге жуық мұнайдың тұрақты ағынын беріп отыр», — делінген Tethys-тің сейсенбі күні таратқан ақпаратында.

«Карбонат интервалы қышқылды өңдеуге дейін тұрақты қысыммен өнеркәсіптік көлемде жеңіл мұнай бергеніне қуаныштымыз. (…) Біз қышқылды өңдеуді тағатсыздана күтеміз және ол айтарлықтай оң әсер етеді деп үміттенеміз», — деп мәлім етті оқиғаға қатысты түсініктеме берген Tethys компаниясының мұнай кен орынларын игеру жөніндегі вице-президенті Марк Сарссам.

Тетис компаниясы АКД05 (Дорис) ұңғымасынан басқа тағы екі ұңғыманың барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр — АКД04 (Диро) және КУЛД01 (Калипсо). Олар жоспарланған 4000-4200 мтереңдікке биыл қырқүйекте жетеді.

Tethys Petroleum Қазақстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда мұнай мен газды барлаумен және мұнай-газ кен орындарын игерумен айналысады. Қазақстанда компания өзінің 100% еншілес кәсіпорындары – «TethysAralGaz» ЖШС «Құл-Бас» ЖШС арқылы, Солтүстік Үстірт бассейніндегі Аралдың батысындағы, Каспий маңы бассейнінің маңындағы төрт келісімшарт бойынша жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар