Ерболат Досаев, Ұлттық экономика министрі:
-Девальвацияға қатысты өткен жолы да сіздердің сұрақтарыңызға жауап бергенмін. Тағы айтам девальвацияны күтіп отырған жоқпыз.
Валютасының құлдырауын Мәскеу әлемдегі мұнай бағасының арзандауына жапса сарапшылар Батыстың санкциясынан көреді. Ал Ресеймен экономикасы біте қайнасқан Қазақстан үшін рубльдің құнсыздануы теңгенің құлдырауына соқтыруы мүмкін. Қазір Ұлттық банк пен Үкімет рубль төңірегіндегі ахуалды ұдайы қадағалап отыр. Еліміздің бас экономисті Досаев, әлемдегі ахуалды ескере отыра, жоспарға шұғыл өзгеріс енгізіп жатқанын мойындады. Күтілген ішкі жалпы өнімнің көлемі азайып, бюджеттің кіріс-шығысы да әжәптеуір қысқармақ.