Ол билік өкілін кемсітті деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Мұрат Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігіне (Билік өкілін кемсіту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.
Негізгі сот отырысы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында өтеді.