Аталмыш ретро-фестиваль аты аңызға айналған қазақстандық «Дос-Мұқасан» вокалды-аспапты ансамблінің 45 жылдығына арналды. Фестивальға келген қонақтар «Дос-Мұқасан» ансамблінің «Құдаша», «Бойжеткен» және тағы басқа көпке танымал әндерін Ерлан Көкеев, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Абдуллин, Әлішер Каримов, «Нұр-Мұқасан», «Жігіттер», «КеshYou» және т.б. қазақстандық эстрада жұлдыздарының орындауларында тыңдай алды. Фестивальдің бірінші күні мерекелік от шашумен аяқталды.