«Дос-Мұқасанның» бұрынғы мүшесі қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дос-Мұқасанның» бұрынғы мүшесі қызметке тағайындалды

«Дос-Мұқасанның» бұрынғы мүшесі қызметке тағайындалды

Атақты топты құрушылардың бірі Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды

  • 13 Ақпан 2018
  • 153
Фото - Caravan.kz

Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сейсмология институты» ЖШС-ның директоры болып Досым Сулеев тағайындалды. Ол қызметіне 24 ақпаннан бастап кіріседі. Оған дейін директордың міндетін басшының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков атқарады», — деп хабарлады аталған институттан.  71 жастағы Досым Сүлеев ҚР ҰҒА президиум мүшесі. Ол 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сондай-ақ, Досым Сүлеев «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі ретінде танылған.

Айта кетейік, Сейсмология институтына 12 ақпанға дейін Әнуар Боранбаев басшылық етті. 


Соңғы жаңалықтар