Жарияланды: 440

“Досқалиев ісі” әлі талай созылатын түрі бар

Экс-министрге қатысты сотта күтпеген жағдай орын алды. Бүгін Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша пікірталас басталуы тиіс болатын. Бұл жауапты сәтке айыптаушылар да, қорғаушылар жағы да тыңғылықты дайындалған.

Алайда үрдістің ретін кенеттен прокурор өзгертті. Ол сотқа тағы бір өтініш жолдапты. Осыған дейін барлық өтініштер жеке тәртіпте қаралған. Енді өзара пікірталастың кезегі келді. Бірақ жаңа өтініш түскеннен кейін, кейінге шегерілді. Мемлекеттік айыптаушы қосымша тергеу жүргізу қажеттілігін алға тартты. Тергеу амалдары бірінші кезекте Досқалиевтың сыбайласы деген күдікпен құрықталған Төлеген Тойғамбаевқа қатысты болмақ. Сондай-ақ заңгерлер оны абақтыдан шығарып, бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрап отыр. Дәрігер ретінде Жақсылық Досқалиев бұл ұсынысты қолдайды. Өйткені өзіне таныс кәсіпкердің денсаулығы сыр бере бастады. Бір айтары, қосымша тергеу жүргізілсе, бұрынғы министрге қатысты жаңа деректер жарыққа шығуы мүмкін. Осылайша сот үрдісі ұзаққа созылды. Пікірталас келесі айда басталады деп күтілуде. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін