Досқалиевтің адвокаты экс-министрдің денсаулығына байланысты оның жазадан босатылуын сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Досқалиевтің адвокаты экс-министрдің денсаулығына байланысты оның жазадан босатылуын сұрады

Досқалиевтің адвокаты экс-министрдің денсаулығына байланысты оның жазадан босатылуын сұрады

ҚР денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиевтің адвокаты Күләш Әлімбаева өзінің қорғауындағының аурулығына байланысты жазадан босатылуын сұрады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Неге оған шартты түрде 5 жыл беруін сұрамасқа, бұл немен байланысты екені (прокурордың Ж. Досқалиевті мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы өтініші – ҚазТАГ) маған түсініксіз. Сонымен қатар, егер алқа билерінің үкімі де «айыпты» делінетін болса, онда «аурулығына байланысты жазадан босататын» 73-ші бап бар. Осы бапты ескерулеріңізді сұраймын», — деді К. Әлімбаева сейсенбі күнгі пікірталас барысында.

Бұрын хабарланғандай, мемлекеттік айыптаушы Тельман Аленов бұрынғы ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 7 жылға сотталуын сұрап отыр.

«Досқалиевті ҚР ҚК 311 бабы 5 тармағы бойынша айыпты деп танып, ҚР ҚК 55 бабы негізінде оның отандық медицина ғылымына қосқан айтарлықтай үлесі ерекше жағдай екені мойындалсын. Оған ҚР ҚК 311 бабы 3 тармағы бойынша мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді прокурор сейсенбі күні.

«Ж. Досқалиевті ҚР ҚК 307 бап 1 тармағы бойынша айыпты деп танып, және ҚР ҚК 69 бабы негізінде, қылмыс жасалғаннан бері 2 жылдық мерзімнің өтіп кетуіне байланысты, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Соңғы жаңалықтар