Досқалиевтің ісі бойынша дәрігерлерге қарсы қозғалған қылмыстық іс уақытша тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Досқалиевтің ісі бойынша дәрігерлерге қарсы қозғалған қылмыстық іс уақытша тоқтатылды

Досқалиевтің ісі бойынша дәрігерлерге қарсы қозғалған қылмыстық іс уақытша тоқтатылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша дәрігерлерге қатысты қозғалған қылмыстық іс уақытша тоқтатылды, деп хабарлады ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Андрей Лукин.

  • 3 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық медициналық орталықтың (Ж. Досқалиевтің диагнозы туралы — ҚазТАГ) жалған қорытынды берген, оған қоса, оның өзін өтірік ауырған болып көрсетуіне көмектескен қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр», — дедіА. Лукинжұма күні журналистердің сәйкес сұрағына жауап бере отырып.

«Бұл қылмыстық іс уақытша тоқтатылды», — деді ол мұның себебін түсіндірмей жатып. А. Лукин «сәйкес заңнамаға» сілтемеледі.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың қазан айында қаржы полициясы Ж. Досқалиевті емдеуші дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, олар министрдің денсаулық жағдайы туралы жалған куәлік еткен.

Ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, министрдің денсаулық жағдайы туралы бас дәрігердің орынбасары Әлібек Мұстафин, республикалық клиникалық аурухананың басқа да дәрігерлері жалған куәлік еткен.

Оның ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 30 қырқүйегінде агенттік Ж. Досқалиевтің ессіз коматоздық жағдайда екенін өтірік көрсетіп жатқанын дәлелдейтін бейнематериалдарды көрсетті. Бейнетаспада денсаулық сақтау министрінің физикалық жағдайы қойылған диагнозға сәйкес келмейтіні: ол өз бетімен тыныс алатыны, дәрігерлермен сөйлесіп, қозғала алатыны, бір де бір медициналық аппаратқа қосылмағаны көрініп тұрды.

«Алайда 1 қазанда республикалық ғылыми-медициналық орталықтың дәрігерлері журналистерге ауыр науқас Досқалиевті фотоға және бейнетаспаға түсіруді ұйымдастырып, жұртшылықты алдауды жалғастырды», — деді қаржы полициясының өкілі.

Соңғы жаңалықтар