ТМД елдері дипломатиялық миссияларының жетекшілері мен РФ СІМ-нің бірінші орынбасары Валерий Лощинин ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы ықпалдастық және Достастықты реформалау мәселелерін талқылады. Сонымен бірге кездесуде Ұлы отан соғысындағы жеңістің 60 жылдық мерейтойын атап өту және оған дайындық жайы сарапқа салынды.
Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі Қырымбек Көшербаев өз әріптестеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауының басты қағидалары туралы және республикадағы саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы әңгімелеп берді. Елші Орталық Азия елдерінің одағын құру идеясы туралы ақпаратпен де бөлісті.