Достастық кубогы турнирінің алғашқы матчында Қазақстанның жастар құрамасын Ресей футболшылары сүріндіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Достастық кубогы турнирінің алғашқы матчында Қазақстанның жастар құрамасын Ресей футболшылары сүріндіріп кетті

Достастық кубогы турнирінің алғашқы матчында Қазақстанның жастар құрамасын Ресей футболшылары сүріндіріп кетті

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Достастық кубогы-2012» турнирі аясындағы алғашқы кездесуінде Ресей футболшыларынан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

  • 20 Қаңтар 2012
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қазақстандықтардың қақпасына соғылған жалғыз голды бірінші таймда Антон Заболотный салды. Сондай-ақ кеше жерлестерімізбен бірге А тобында өнер көрсететін Түрікменстан құрамасы Эстония футболшыларын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазақ футболшылары келесі ойынын бүгін, 20 қаңтарда Түрікменстан құрамасымен өткізеді. Топтық кезеңнің соңында қазақстандықтар 22 қаңтар күні Эстония жастарымен кездеседі.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы чемпиондарының кубогы турниріне биыл алғаш рет ТМД елдері ұлттық біріншіліктерінің чемпиондары емес, ұлттық жастар құрамалары (21 жасқа дейін) қатысуда.

2012 жылғы кубокты Беларусь, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Молдавия, Украина, Латвия, Литва, Эстония және Иран жастары сарапқа салуда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера