Жарияланды: 480

Достастықтың жанар-жағармай нарығындағы монополияға қарсы тексерулер бойынша Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің штабының жұмыс тобын Қазақстан басқарады

Астана. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Достастықтың жанар-жағармай нарығындағы монополияға қарсы тексерулер бойынша Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің штабының жұмыс тобын Қазақстан басқарады. Бұл туралы РФ Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Игорь Артемьев бүгін Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысының екінші күні мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз бірлескен тексерулер жөніндегі штаб аясында жанар-жағармай нарығындағы монополияға қарсы тексерулермен айналысатын жұмыс тобын құруды ұйғардық, осы жұмыс тобын Қазақстан жағы басқаратын болады", -деді И. Артемьев. Сонымен бірге, оның хабарлауынша, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің кезекті 28-ші отырысы келесі жылы Бішкекте өтеді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть