"Біз бірлескен тексерулер жөніндегі штаб аясында жанар-жағармай нарығындағы монополияға қарсы тексерулермен айналысатын жұмыс тобын құруды ұйғардық, осы жұмыс тобын Қазақстан жағы басқаратын болады", -деді И. Артемьев.
Сонымен бірге, оның хабарлауынша, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің кезекті 28-ші отырысы келесі жылы Бішкекте өтеді.